Түркістан облысында табиғатты пайдалану басқармасының бұрынғы басшысы сотталды
Түркістан облысының табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды. Ол талапқа сай келмейтін улау дәрілерін көрсетіп, бюджеттен 14,9 миллион теңге жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысы И.Бегасиловқа, оның орынбасары А.Ерназаровқа, КММ заңгері М.Айнабековаға және кәсіпкер И.Муслимовқа қатысты үкім шығарды.
“Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.