Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында шетелдік азамат полицейлерге пара ретінде блендер бермек болған

Қазақстан соты Молдова азаматын полицейге пара бермек болғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың 25 қарашасында Түркістан облысының тас жолдарының бірінде полиция қызметкерлері армян нөмірімен айыппұлы төленбеген Volvo жүк көлігін тоқтатты. Оған 583 366 теңге айыппұл салыныпты.

Жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершіліктен құтылу мақсатында полиция қызметкеріне 10 мың теңге және құны 3 833 теңге тұратын "Бош" блендерін ұсынған.


Қазақстандық шенеунік 300 мың теңге пара алғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл арқалады


Жетісуда екі лауазымды тұлға пара алу және беру дерегі бойынша сотталды


Нәтижесінде полицейлер "сыйлықты" қабылдамай, пара беру фактісін тіркеген. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісімге келді.

"Оған тағылған айып бойынша параның 15 еселенген мөлшерінде яғни 155 621 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", – деп хабарлады Түркістан қаласы соттарының баспасаөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 09:13
Талқылау