Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында полиция қызметкерлері шетелдік туристерден 200 мың теңге талап еткен (видео)

Түркістан облысында полиция қызметкерлері беларустық туристерден 200 мың теңге талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Туристердің айтуынша, оларды Шымкент – Самара тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, жергілікті техникалық тексеруден өтпегені үшін 200 мың теңге талап еткен. Туристер түсірген видео әлеуметтік желіде тарады. 

Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын, қылмыстық іс қозғалғанын растады. Сондай-ақ видеодағы қызметкерлер жұмыс істеген бөлімше басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Әзірге туристерден ресми шағым түскен жоқ, көліктің тіркеу деректері де анықталмаған. 

"Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдарына деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жағдайға қатаң түрде әрекет етеді. Кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады. Патрульдік нарядтардың жұмысына бақылау күшейтілді", – делінген хабарламада.

Өңірлік полиция департаменті бейнежазбаның шынайылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Кадрдадағы қызметкерлердің кім екені анықталған. 

Талқылау