Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адамның мешітте жұмыс істейтіні рас па - Өңір имамы жауап берді
Видеодан скрин
Әкесін ұрып-соққан Түркістан облысының тұрғыны асаба болып жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қарт әкесін қорлаған ер адамның мешітте жұмыс істейтіні туралы қауесет тараған еді. Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ержан Төлепов Facebook-тегі парақшасында жазба жариялап, қарт әкесін аяусыз ұрып-соқты деген күдікке ілінген Шардара ауданының тұрғынының дін қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"Аталған азаматтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері еместігін ресми түрде хабарлаймыз, ол ешқашан азаншы міндетін атқармаған әрі діни қызметпен айналыспаған, оның кәсібінің дінге қатысы жоқ, ол асаба болып жұмыс істейді", – делінген имамның жазбасында.
Бас имам ҚМДБ мұндай әрекеттерді қатаң айыптайтынын, ата-анаға құрмет көрсету – мұсылманның ең басты парыздарының бірі екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлағаны түсірілген видео тараған еді. Қарияның жаз

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
