Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігітті зорлаған үш бауыр 9 жылға сотталды

Фото: time.kz

Түркістан облысы Келес аудандық сотында 24 жастағы ақыл-ой дамуында тежелісі бар жігітті зорлағаны үшін үш бауырға үкім шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы Келес аудандық сотында 24 жастағы ақыл-ой дамуында тежелісі бар жігітті зорлаған үш бауырға үкім шығарылды. Сот олардың әрқайсысын 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Іс материалдарына сәйкес, даму деңгейі төрт жастағы баланың деңгейіне сәйкес келетін жас жігіт бірнеше жыл бойы өз немере ағалары мен көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылық көріп келген.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның қатысы бар екенін айтқанымен, сот алдында тек үш ересек немере бауыры ғана жауапқа тартылды. Сот отырысы жабық түрде өтті.

Екі бауыр бірнеше рет топ болып зорлау дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары), ал үшіншісі топ болып зорлау және ұрлық (Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы; 188-бап) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен барлығы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде өтемақыны бірлесіп төлеуге міндеттелді.

Адвокаттың айтуынша, жәбірленушінің анасы үкімге қанағаттанғанымен, жазаның тым жеңіл екенін де жасырмады. Апелляция беріп, жазаны күшейту мәселесі анасының шешіміне байланысты болады.

Қазір жәбірленушінің отбасы ауыл тұрғындарының қысымына ұшырап отыр. Олар 20 жылдан астам уақыт бойы осы елді мекенде тұрады, шаруашылықпен айналысады және табыс көзінен айырылып қалмау үшін қалаға көшуге қорқып отыр.


17 жастағы қызды зорлап өлтіру ісі: Қырғызстан президенті елде өлім жазасын енгізуді тапсырды


Оралда 15 жастағы мектеп оқушысына зорлық жасады деген күдікпен ер адамға іздеу жарияланды


Еске салайық, бұған дейін үркістан облысында мүгедектігі бар 24 жастағы жігітті әкесінің туыстары 14 жыл бойы зорлап келгені анықталды. Анасының арызынан кейін іс облыстық полиция департаментінің бақылауына алынып, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 12:46
Талқылау