Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында майнинг техникасының жоғалып кеткені үшін 28 полицей жазаланды

Фото: Pixabay.com

Түркістан облысында 400 миллион теңгелік майнинг-фермасының жоғалып кетуіне қатысты ІІМ тексеріс бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ тексерісінің нәтижесінде 28 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны және жұмысында жіберілген кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша тұрақты шаралар қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.



Жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің тізімі желіде пайда болды. Оның ішінде қатардағы тергеушілер де, жоғары шенді офицерлер де бар. Сондай-ақ олардың қандай нақты бұзушылықтары үшін жазаланғаны көрсетілген.

Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметінен босату туралы хаттама берді. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, оның екі орынбасары, сондай-ақ түрлі басқармалардың бастықтары мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды.

Түлкібас РПП аға тергеушісі, ОПҚ бастығы және Түлкібас РОП бастығының бірінші орынбасары қызметтерінен босатылды.

Майнинг – криптовалюта платформаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа құрылымдарды құру бойынша іс-шаралар.

Еске салсақ, Алматы облысында 17 жастағы қызды жеткізіп тастамақ болған полицей жұмыстан қуылған еді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 08:52
Талқылау