Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында заң бұзушының ізіне түскен полицей қаза тапты

Түркістан облысында заң бұзушы қуалап, ізіне түскен патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша процессуальды шешім қабылданатынын атап өтті.

"Түркістан облысының полиция департаменті полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, шын жүректен көңіл айтады және марқұмның отбасына қажетті қолдау шараларын көрсетеді", – делінген полиция хабарламасында.


Алматыда әділдік іздеген экс-полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді


Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те аталған жағдайды растап, Facebook парақшасында жазба жариялады.

"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді”, – деп жазды министр.

Еске салсақ, осыған дейін Астанадағы спорт кешенінде полицей көз жұмған еді.

Талқылау