Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында білім саласында 1,5 миллиард теңге жымқырылған

Түркістан облысы прокуратурасы білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com

Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Мәліметтерге сенсек, оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысты.

Ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды.



Еске салайық, бұған дейін соңғы екі жылда білім беру саласында жемқорлықтан 17 миллиард теңге шығын келгенін жаздық. Мәселен, бір ғана Талдықорған қаласында білім бөлімінің басшысы, бас бухгалтер мен бірнеше мектеп директоры 4 миллиард теңгеге жуық қаржы жымқырған. Ұстау кезінде көліктен 1 миллиард теңгеге жуық ақша табылды. Осындай деректер өзге де аймақтарда анықталды.

Талқылау