Түркістан облысында 4 көлік соғылып, жол апатынан 15 адам зиян шекті
Түркістан облысында тасжолда төрт автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәл қазір оқиға орнында Түркістан облысы полиция департаментінің жедел-тексеру тобы жұмыс істеп жатыр. Осы орайда, аталған өңірдің полициясы жүргізушілерге жол ережесін сақтауға кеңес берді.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан 15 адам зиян шеккен.
«Аудандық Қазығұрт ауруханасына 14 адам жеткізілді. Бір адам үйіне қайтарылды. Жеті адам ауыр халде, жансақтау бөліміне жеткізілді. Үш адам травматология бөлімінде. Сондай-ақ, төртеуі келіп ем қабылдауы үшін үйіне жіберілді. Облыстық аурухананың нейрохирургтері санавиациямен жеткізілді. Бір науқасқа ота жасалып жатыр, екіншісін де ота жасауға дайындауда», - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық