Түркістан облысында 20 жылдан бері жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды
Фото: Түркістан облысы ПД
Түркістан облысында 20 жылдан бері жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады.
Цифрлық жүйе арқылы іріктелген тізімге ұзақ уақыт бойы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған автокөлік иелері енді.
Марапатталғандардың ішінде 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған түркістандық 47 жастағы жүргізуші Әнуарбек Әлімбетов бар. Ол жолдағы жауапкершіліктің маңызын айтып, барлық жүргізушіні тәртіп сақтауға шақырды.
Полицияның айтуынша, мұндай бастамалар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Аталған шара облысқа қарасты 17 ауданда жалғасын тапты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда полицейлерге жол жиегінде көлікті ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат берілетіні хабарланған еді.
Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінетінін ескертті: Бұл Қазақстанға қандай қауіп әкеледі?