Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 17 жастағы қызды сегіз ай бойы зорлаған ер адам жәбірленушінің туысы болып шықты

17 жастағы қызды алыс туысы зорлаған

Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында 17 жастағы қызды сегіз жыл бойы зорлап, онысын видеоға түсіріп, бопсалаған ер адам жәбірленушінің туысы болып шықты. Күдікті азғындық жасап қана қоймай қызды 11 адаммен ақшаға жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Былтыр тамыз айында, Мақтааралдан Жетісайға бет алған қыз 45 жастағы алыс туысының көлігіне отырады. Жүргізуші қызға туыстығы үшін 2 мың теңгеге көлік айдауды үйретемін деген. Бұл уәдесін орындайды. Біра қыз келесі күні шыққанда күдікті оны егістік жерге апарып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. 

“Мен көліктен шығып бара жақтқан кезде ол қолымнан ұстай алмай шашымнан тартып көліктің ішіне кіргізді. Төрт есігін құлыптап, өзінің арам ойын іске асырды. Ұрып видеоға түсіріп алды”, – дейді жәбірленуші.

Кейін күдікті болған жағдайды әлдекімге айтатын болса, қызды “өлтіремін, жалаңаш видеоны елге жайып, абыройыңды төгемін” деп қорқытқан. Қыздың айтуынша, ер адам азғындық әрекетін келесі күні де қайталаған. Ал бір айдан соң оны қара жұмысшылармен ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. 

“Бір кісіге 3-4, 5-6 рет деген сияқты… Қанша қарызы бар, сол қарызын өтегенше… Мен оларға да “жіберіңіздерші” деп жалындым. Олар “мен сені сатып алғанмын, мен не айтсам, соны істейсің” дейтін”, – дейді қыз көз жасын тыя алмай. 

Жәбірленуші бұл туралы айтудан қорыққан, ал күдікті мұны біліп, қызды үйіне барып, алып кетіп жүрген. Алайда араға сегіз ай салып қыз қарсылық көрсете бастағанда ер адам оның видеосын ауылға таратып жіберген. Қыздың отбасы сұмдық жағдай туралы сонда ғана білген.

Олар полицияға арыз түсірген. Бірақ құқық қорғау органының қызметкерлері тек бір адамды ұстаған. Онда да, күдіктіні азғындық әрекеті үшін емес, тек видеоны таратқаны үшін жауапқа тартпақ. Полиция зорлау фактісі анықталмады деген қорытындыға келген. 

Бірақ жәбірленуші тарап кінәлілердің бәрі лайықты жазасын алу үшін адвокат жалдап, 12 адамның жауапқа тартылуы үшінБас прокуратураға арызданбақ.

Бұған дейін Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келгені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 14:46
Талқылау