Түркістан облысында 12 жастағы қыз бала суға батып кетті
Қайғылы оқиға Түркістан облысындағы Абай ауылында болған. 12 жастағы қыз бала канал суына батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

8 мамырда шамамен күндізгі бесте мектеп оқушысы Ошақты каналына құлап кетіп, өзі шыға алмаған. Қайғылы жайт құрбысының көз алдында болған.
Куәгердің айтуынша, қыз бала ойнап жүріп абайсызда каналға құлап кеткен. Мүрдесін оқиға орнынан 5 шақырым жерден тапқан.
"Ол құрбысымен серуендеп жүріп, байқаусызда каналға құлап кеткен. Суға батып кеткен қыз баланы іздестіруге ТЖД-ның – 6, полицияның – 8, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері жұмылдырылып, 12 туысы атсалысты. Іздеу жұмыстары барысында Ошақты каналындағы су уақытша тоқтатылды. Қыздың мүрдесі 21.20 табылды", – дейді Келес аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Шыңғысхан Уатбаев.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"