Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда барлық әйелдер мен қыздарға 8 наурыз қарсаңына 17 доллардан беріледі

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мейрамға байланысты елдің әрбір азаматшасына ақшалай сыйлық табыстауды бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2020 жылдың 1-6 наурызында халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан президентінің атынан әйелдерге 60 манат көлемінде салтанатты сыйлықтар беру тапсырылды", - деді мемлекет басшысы үкімет сайтында.

Ресми бағам бойынша 60 түркімен манаты 17 долларға тең, алайда Түркменстанда шетел валютасын ресми түрде сатып алу мүмкін емес болғандықтан, валюта бағамы қара нарықта алынады, онда бір доллар 18 манат тұрады.

Мемлекет басшысы меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейтін әйелдерге, зейнеткерлер мен стипендия алушыларға, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада оқитындарға, Түркіменстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының студенттеріне, мектеп оқушылары және балабақшалардың тәрбиеленушілері сыйлық тағайындауды бұйырды.

Өткен жылы Түркіменстандағы 1,2 миллионнан астам әйел 60 манат алды. Өткен жылдары 8 наурызға мемлекет әйелдердің әрқайсысына 40 манат берді.
 


8 наурызға арналған ерекше құттықтаулар

Талқылау