Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркі тектес халықтар енді Түркияда ел азаматтарымен тең дәрежеде жұмыс істей алады

түркия

Фото: Freepik.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркітілдес шетелдіктерді жұмысқа орналастыру ережелерін өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Енді Түркияда қандай түркі тілдес халықтардың заңды түрде жұмыс істей алатынын президент өзі анықтайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті құжат 2023 жылы 10 қазанда жарияланды.

Режеп Тайып Ердоған түркі халықтарына, оның ішінде қазақтарға елде азаматтармен тең еңбек ету құқығын беретін жарлыққа қол қойды. Түркі тектес шетелдіктер енді Түркиядағы мемлекеттік және жеке ұйымдарда белгілі бір шарттармен ресми түрде жұмыс істей алады.

Жарлыққа сәйкес, енді оны президент анықтайды. Бұрын бұл мәселе министрлік пен үкімет деңгейінде шешілетін, енді Ердоғанның жарлығымен шешіледі.

Түзетулер бойынша түркі тектес халықтан кімдер жұмыс істей алады:

  • Белгілі бір себептермен азаматтығы бар елде кәсібімен, өз мамандығы бойынша жұмыспен айналыса алмаса;
  • Түрлі жағдайларға байланысты Түркияда тұруға мәжбүр;
  • Өз елінің тұрғындарының көпшілігінен ерекше этникалық және мәдени ерекшелігі бар.

Жұмысқа рұқсат алу үшін Түркияда тұруға рұқсаттың болуы керек. Сонымен қатар олардың біліктілігі мен білімін түрік билігі мойындаған құжаттары болуы маңызды.

Одан басқа талаптар:

  • қауіпсіздік шектеулері жоқ;
  • шетелдіктерге арналған арнайы тізілімдерде тіркелу;
  • егер қажет болса, кәсіби ұйымдардың мүшесі болу;
  • президенттің шешімімен түрік текті деп танылған қауымдастыққа жатады.

Түзетулер түрік тілінде сөйлейтін шетелдіктердің мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істеу шарттарын реттейтін 1981 жылғы заңның ережелеріне қатысты.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 17:10
Талқылау