Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігіне жаңа басшы келді

Мемлекет басшысының жарлығымен Туризм және спорт министрі қызметіне Ербол Мырзабосынов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

  • 2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі.
  • 2006-2018 жж. – "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 2018-2020 жж. "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарған.
  • 2020-2021 жж. – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
  • 2021-2023 жж - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 31 тамызында Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен босатылған еді. Маржықпаев бұл қызметті тура бір жыл атқарды. 

Талқылау