Турист Оңтүстік-Шығыс Азиядағы демалысынан кейін қауіпті паразит жұқтырып келген
Америкалық турист Оңтүстік-Шығыс Азияда демалып келгеннен кейін түсініксіз дертке шалдықты. Бірнеше клиниканың дәрігерлері бірден диагноз қоя алмады. Соңында әйелдің миында паразиттер табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
30 жастағы америкалық әйел үш апта бойы Таиланд, Жапония және Гавайи аралдарын аралап, мұхитта жүзіп, жаңа піскен теңіз өнімдерін және жергілікті тағамдардың дәмін татқан.
Үйге оралғанда, турист өзін аздап ауыр сезінсе де басында аса мән бермеген. Кейін бірнеше күннен кейін оның табаны шыдатпай қыза бастайды. Ауру күн санап жоғары қарай көтеріліп, әйелде шаршау, әлсіреу сезімі пайда болады.
Шошыған әйел жедел жәрдем бөліміне жүгінеді. Алайда, тексерулер мен қан анализі ауыр патологияны анықтаған жоқ. Талдауда тек эозинофилдердің жоғарылағаны көрінген. Бұл белгілі бір аллергиялық ауруларда, паразиттік инфекцияларда белсендірілетін лейкоциттер. Дәрігерлер әйелді үйне жіберіп, дәрігердң қабылдауына баруға кеңес берген.
Дегенмен мұнымен қызу сезімі басылмады. Келесі бірнеше күнде ол әйелдің асқазанына, кеудесіне, арқасына және қолына таралды. Сонымен қатар, басы ауырып тіпті арнайы таблеткалар көмектеспеген.
Тағы төрт күннен кейін әйел басқа жедел жәрдем бөліміне жүгінді. Дәрігерлер тағы да қауіпті ештеңе таппады. Алайда оның қанындағы эозинофилдердің деңгейі рұқсат етілген нормадан 2,5 есе жоғары болды. Әйел қайтадан ауруханадан шығарылып, оған бас ауруына дәрі бергенімен бұл ем болмады.
Бірнеше күннен әйелдің жақындары оның мінез-құлқынан оғаш нәрселерді байқаған. Ол түнде күтпеген жерден секіріп, сөмкелерін жинай бастаған. Бәріне шұғыл демалысқа баруым керек деп айтқан. Туыстары бұл идеядан бас тартуға көндіре алмады.
Нәтижесінде күйеуі оны Массачусетс ауруханасына апарды. Ол кезде әйел есін білген. Бірақ не болып жатқанын түсінбеген. Ол сұрақтарға дәйекті түрде жауап бере алмай, қарапайым тапсырмаларды орындай алмады. Жұқпалы ауруларға маманданған невропатолог пациенттің соңғы апталарда қайда саяхаттағанын сұрады.
Әңгіме барысында Гавайиде науқас жергілікті ұлуларды жегені анықталды. Дәрігерлер паразиттік инфекцияға күдіктенді. Дәрігерлер жұлын сұйықтығын зерттей келе ангиостронгилез диагнозын қойды. Бұл Angiostrongylus cantonensis тудыратын паразиттік инфекция.
Паразиттің негізгі тасымалдаушылары – егеуқұйрықтар. Құрт жұмыртқалары кеміргіштердің нәжісімен бірге шығады. Кейін оларды ұлулар сұйықтығымен сүртіп өтуі мүмкін. Бұл жағдайда Гавайи мейрамханаларының біріндегі жартылай піскен ұлулар инфекцияны тудырған.
Сонымен қатар, паразит жемістерден, шаян мен бақалардан тарауы да мүмкін.
Адам ағзасына енгеннен кейін құрттар қан арқылы немесе перифериялық нервтер арқылы орталық жүйке жүйесіне ауысады. Перифериялық нервтердегі мұндай қозғалыстар әйелдің аяқтарында жану сезімін тудырды. Паразиттің кесірінен бас ауруы, сананың шатасуы, энцефалопатия, құрысулар, бас миының нейропатиясы немесе көру проблемалары пайда болады.
Диагноз қойылғаннан кейін дәрігерлер әйелге паразиттерге қарсы дәрі тағайындады. Көп ұзамай симптомдар жойылып, алты күннен кейін ол ауруханадан шығарылды.