"Түрің малға ұқсайды": Актер Нұрсұлтан Жақсыген оқырманына тіл тигізді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі қолданушысы актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен шағым түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ажырасып атағы шыққан актер өзіне хейт жазған оқырманына тіл тигізген.
"Бұрынғы әйелі Фаризаға "сырты жылтырап тұр, іші лас" дегендей жазыпты. "Сен ше? Сенің де ішің іріңге толып қалыпты ғой, қалқам" деген пікір қалдырдым. Таңертең тұрсам маған жаман сөздер жазыпты", – дейді желі қолданушысы.
Нұрсұлтан Жақсыген оған: "Түрің малға ұқсайды. Соғымға сою керек сені" деп пікір қалдырған. Желі қолданушылары актердің үстінен арыз түсіру керегін айтты.
-
"Бұрынғы әйелін тез ұмытты": Актер Нұрсұлтан Жақсыген сүйіктісін көрсетті
-
"Мені өзіңмен салыстырма": Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын жариялады
Еске салайық, актердің бұрынғы әйелі актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады.
“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
