Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғылықты жерге тіркеуге тұруды міндеттейтін заң төңірегіндегі дау басылар емес

Тұрғылықты жерге тіркеуге тұруды міндеттейтін заң төңірегіндегі дау басылар емес. Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекке тұрған адамдардың саны да ұлғайған. Жер-жерде жаңа заңды көпшілікке түсіндіру жұмыстары да қыза түсті. Алайда өзгерісті жақтырмай қабылдаған халықты заңдағы түсініксіз тұстар мазалайды.

458cf4b58efd5ac4ecee2ead311

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Екінші күн уақытымды жоғалтып отырмын. Кеше осы жерде тұрдым, бүкіл Қазақстан бойынша аппараттар істеген жоқ. Кешке жақын. Сағат төртте келдім мен, алты жарымға дейін осында отырдым. Бүгін келіп тұрмыз мынадай ажиотаж, бір-ақ аппарат істейді. Үлкен аудан ғой бұл», – дейді Алматы тұрғыны Рахила Әуелбекова.

Алматының Бостандық ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғын кезекте тұрғаныма 1 сағаттан асты дейді. Бәрі де тіркеуге байланысты. Заңды шығарарда халыққа қолайлылығын неге ойламайды деп ашынған ана өзгеріске қарсылығын білдірді. Ал айыппұлдан қорыққан өзге алматылық пәтерін жалдап тұратын студенттерді орталыққа ертіп келіп тіркетуде.

«Тіркеу ұзаққа созылды. Шынымды айтсам, айыппұлдан қорықтым. Бір жағынан заңға бағыну керек. Егер бір айдан кейін жалға алушыларым кетіп қалса, келесі келгендерін де тіркеуге қоямын», – дейді пәтерін жалға беруші Игорь Леопа.

Жалға алушы студенттердің айтуынша, үй иесінің өзі тіркеуге тұрғызуға ниет білдірген. Енді әр өңірден оқуға келген студенттер де, туысының үйіне ұзақ мерзімге келген қонақтар да, тіпті, емделуге келген науқастар да тіркеумен әуре болады. Ал тұрғын үй салып, құжатын әлі рәсімдемеген, бірақ тіркеуі жоқ жандарға қиын соғады. Көші-қон полициясының нысанасына жиі ілігетіндер де солар болуы мүмкін. Заңдағы бұлыңғыр тұстарды түсіндіруге тырысқан арнайы маман тіркеуге тұратын ең оңай жерді айтты.

«Қазір бізде рұқсат беріледі ғой, жұмыс істейтін мекемеге тіркелуге. По месту работу, по месту учебы, в служебные здании, в служебные помещении регистрироваться разрешается», – дейді Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы Әйкен Қасымова.

Алайда барлығының тұрақты жұмысы жоқ. Демек, жұмыс орнына тіркеуге тұра алмайды. Арнайы маман айыппұл салу ретін де түсіндірді. Бірінші жолы ескерту, екінші жолы тіркеусіз болса, хаттама толтыру арқылы ескерту, үшінші жолы айыппұл салынады екен. Бір айдан кейін заң бұзушылық қайталанса, айыппұл еселенеді. Бір жылда одан артық жазалауға заң жоқ. Ал бұл әдіс арқылы террористі анықтау, қорқыту мүмкін емес сияқты.

Талқылау