"Түпкі мақсаты миллиардтаған қаржыны қалтаға басу": Президент ЛГБТ-ны қолдайтын ұйымдар жайлы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ-ны желеу етіп, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің ішкі ісіне ашық араласу белең алғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Тоқаев өз сөзінде Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып бара жатқанын жеткізді.
“Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты. Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы АҚШ-та жасалып жатқан шаруаның бәрі бүкіл әлемге тікелей әсер ететіні баршаға мәлім дейді.
"Даму мен демократия", "адам құқықтары", "баспасөз бостандығы", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай келмейді. Сондықтан Президент Трамп бастаған Америка әкімшілігінің жаппай қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты оқиғаларды анықтауға және "тұңғиық мемлекет" ұғымына тән саяси екіжүзділікті әшкерелеуге, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық. АҚШ-та жасалып жатқан шаруаның бәрі бүкіл әлемге тікелей әсер ететіні баршаға мәлім", – деп қосты Тоқаев,