"Түнімен отырып тігіп едім": Динара Сәтжан Түркиядағы митингке байланысты өзінің той көйлегіне жете алмай қалды
Белгілі дизайнер Наиль Байкучуков журналист Динара Сәтжанға қатысты құпияны ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Сән әлемінің жұлдызы медиа маманынан ерекше тапсырыс түскенін оқырмандарына айтып берді.
"Динара Ыстамбұлға небәрі бірнеше күнге ұшып келген болатын. Біз кездесіп, күліп-ойнап, дәмді кешкі ас іштік. Келесі күні кофе ішу үшін кездестік, сол кезде Динара "маған той көйлегі керек" деді. Мен бұған қатты қуандым. Динара менің музам болғандықтан, мен бірден жұмысқа кірістім. Сол күні түнде отыра қалып, Динараға той көйлегін тіге бастадым. Келесі күні Динара көйлекті киіп көруі керек еді. Бірақ ертеңінде Түркияда митинг басталып, байланыс жоғалатынын екеуміз де білген жоқ едік", -– деді дизайнер.
Сән жұлдызының сөзінше, митинг басталғанда Ыстамбұлда интернет пен ұялы байланыс бұғатталған. Тек сол күні кешке ғана байланыс қалпына келе бастаған көрінеді. Ол кезде тележурналист ұшаққа мініп кеткен.
"Ол менің түнімен тіккен көйлегімді киіп көре алмады. Бірақ мен Динараның көйлегін әлі тігіп жатырмын. Сондықтан, жуық арада біз Динара тойына киетін әдемі көйлегін көреміз деген үміттемін", – деді ол.
Еске салайық, Динара Сәтжан абысындарымен бірге қамыр жайып, жұртты таңғалдырған еді.