Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

Миллиондарды қалтасына басты деп айыпталған халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлап отыр.

20161103111721
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Естеріңізге салсақ, Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа да тұлғаларға қатысты “Феникс” көркем фильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңгені талан-таражға түсірді деген айып тағылған болатын. Жаманқұлов аталмыш картинадағы негізгі рөлдердің бірін сомдап, продюсерлік етуге тиіс болған. Алайда қаражат мәселесіне байланысты түсіру жұмыстары сол күйі басталмаған еді.

Актер өз кінәсін мойындап, тергеу амалдары кезінде 6 миллион теңгені қайтарып үлгерді. Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель: “Іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасына қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі”, – деді.

Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

Талқылау