Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнгі клубта 51 адам тірідей жанып кетті (видео)

Солтүстік Македонияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түнгі клубтағы өрт салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, тағы 100-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан скрин

Өрт жексенбі, 16 наурыз күні таңғы уақытта ел астанасы Скопьеден шығысқа қарай шамамен 100 шақырым жерде орналасқан Кочани қаласындағы Pulse түнгі клубында болған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда ғимараттың жалынға оранып, түтіннің түнгі аспанға көтерілгені көрінеді.

Бар мәліметтерге сәйкес, өрт жергілікті уақыт бойынша 03:00-де (Астана уақытымен 07:00-де) басталған. Ол кезде сахнада елге танымал ADN хип-хоп дуэті өнер көрсетіп жатқан. Өрт бірнеше сағат бойы басылмай, күш алған.

Концертке шамамен 1500 адам жиналғаны хабарланды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрттің шығуына пиротехникалық эффектілер себеп болуы мүмкін. Бейнежазбаларда сахнадан шыққан ұшқындардың төбеге тиіп, артынша жалынның әп-сәтте бүкіл ғимаратты шарпығаны байқалады.

Оқиғаға байланысты көршілес Сербия билігі 18 наурызды өрт құрбандарын еске алу мақсатында аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы сербиялық БАҚ хабарлады.

Үкіметтің бұл шешімі Сербия президенті Александр Вучичтің бастамасымен қабылданғанын Министрлер кабинеті мәлімдеді.

"Премьер-министр Милош Вучевич пен президент Александр Вучич Кочани қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына қатысты қайғылы жағдайды талқылады. Осыдан кейін 18 наурызды Сербияда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылданды", – делінген ресми хабарламада.

Талқылау