Түн ортасында үйге кіріп, азғындық жасамақ болған: Жетісу облысында ауыл әкімі шартты жазамен құтылып кетті
Жетісу облысы Ақсу ауылдық округінде түнде жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, азғындық жасамақ болған әкім мен оның әріптесі бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Облыстық соттың мәліметінше, оқиға 2024 жылдың тамызында болған. Төрт баланың анасының үйіне әкім келіп, терезенің қорғаныс торын ашып кірген. Кейін әйелдің киімін шешпек болған. Қорыққан әйел көшеге жүгіріп қашқан кезінде алдынан әкімдіктің басқа қызметкері шыққан.
Ақсу аудандық соты сотталушылардың іс-әрекеттерін түнгі уақытта тұрғын үйге қол сұғушылық деп таныды. Сот қылмысты ауырлығы төмен құқық бұзушылық ретінде қарады. Бұрын сотталмағаны мен кішкентай балаларының болуы жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Олардың әрқайсысына бір жылға бас бостандығын шектеу үкімі шықты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі