Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түкке тұрғысыз әңгімелер": Жігер Ауыпбаев өзін сынайтындарға тіл қатты

Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жаупа бердіФото: instagram.com/jiger_auypbaev_official/

Танымал әнші, “Меломен” тобының экс-мүшесі Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен көңіл жарастырғаны үшін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне ғайбат сөз айтатын адамдарға мән бермейтінін айтты. 

“Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ…!
Біреуі “педофил…” дейді,
Біреуі “теңің емес…” дейді,
Біреуі “папасы сияқты…”дейді,
Біреуі қарғайды…
Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен, ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды…” – деп жазды ол.

Ол мұндай теріс әңгіменің бәрі сүйіктісімен сезімінің жанында түкке тұрғысыз екенін жазды.

“Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер.
Хейт жаза беріңіздер…
Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер…
Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер.
Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне әр арнаған Жігер Ауыпбаев сынға қалғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 23:04