Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстарым қайыр тілегенім үшін менен қашып кетті: Мүгедек ұлы бар алматылық әйел қайыр сұрап күн көріп жүр

Алматы қаласының тұрғыны Балжан Аршабекова өзі мүгедек бола тұра мүгедек ұлының күтіміне қарап жүр. Ұлы екеуі қайыр тілеп күн көреді. Осылай нәпақа тапқаным үшін туыстарым менен сырт айналды дейді өзі. 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

"Мен бала кезден мүгедекпін. Бірақ ата-анам да, өзім де мүгедектік үшін берілетін жәрдемақыны ала алмадық. Бала күнімде шашым күйіп қалған. Шаш өспейді. Өмір бойы орамал тағып келемін. Осы тірлігім үшін ұяламын. Ақша сұраудан ұяламын. Бірақ амалым жоқ. Кішкентай қызым намыстанады. Туыстарым қашып кетті. Ұлым да мүгедек. Оған қарайлап жүрмесем болмайды. Басқа амалым жоқ", - дейді Балжан Аршабекова.

Айтуынша, мүгедек ұлы үшін 45 мың теңге алады. Ол пәтерақысына да, тамағына да жетпейді екен. 

"Ұлымның ақыл-есі дұрыс емес. Дәретке жіберіп қояды. Жұмысқа жарамайды. Оған күтім керек. Мен қасында жүруім керек. Пәтерге де осы түрімізге қарап алмайды", - деді анасы.


"Ұлым да, шалым да қайтыс болды": Алматыда қайыр тілеп жүрген қазақ әжей көпшіліктен көмек сұрайды


Тіршіліктің қамы қажытты ма Балжан соңғы кезде басы жиі ауырып жүргенін айтты. Алайда қызы мен ұлының амандығын ойлап, өз денсаулығына көңіл бөлуден қалған. Өзіне қол ұшын созар жомарт жандар болса, көмектессе екен деген тілегін жеткізді. 

Талқылау