Туыс ағалары жасөспірімді 6 жылдан бері зорлап келген: Жамбыл облысының әкімі жаға ұстатар жағдайға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев туыс ағаларынан 6 жылдан бері зорлық көрген қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ербол Қарашөкеев қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Бұл жағдайға қатысты бірінші мектеп мұғалімдері дабыл қаққан. Балалардың қауіпсіздігі – өте маңызды мәселе. Қазір тергеу жүріп жатыр, пікір білдіре алмаймыз. Айыптылар өз жазасын алады. Біз өз тарапымыздан, мектеп басшылары бірнеше рет үлкен жиындар өткізіп, мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай шара қабылдау керегін егжей-тегжейлі қарастырып жатырмыз. Жұмыс күшейтіліп, әлі де нақты шаралар қабылданады", – деді Қарашөкеев.
Облыс әкімінің айтуынша, тергеу барысында баланың ата-анасы зорлау дерегін жасырғаны анықталса, олар да жауапқа тартылуы мүмкін.
"Айтып өткенімдей, заң аясында тергеу жүргізіліп жатыр. Сот тергеу процесінде ата-анасы қылмыстық іске қатысты ақпаратты жасырып бермегені анықталса, бәрі жауапқа тартылады", – деп түсіндірді Жамбыл облысының әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 13 жастағы қызды екі ағасы алты жылдан бері зорлап келгені туралы хабарлаған едік. Күдіктілердің бірі қашып, Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан ұсталды.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сін жалға беріп, алаяқтардың құрбаны болды
