Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған анасына тұрмысқа шыққан әйел сотталды

АҚШ-тың Данкан қаласының тұрғыны туған анасына тұрмысқа шыққаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Tulsa World басылымы хабарлайды.

26 жастағы Мисти Спэннге инцест жасады деген айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Айтуынша, 44 жастағы Патриция Спэнн ата-ана құқығынан айырылғандықтан, ол әжесінің қолында тәрбиеленген. 2014 жылы бойжеткен анасын тауып, екеуі жыныстық қатынасқа түсе бастаған.

2016 жылдың наурыз айында олар некелерін заңдастырмақ болады. Патрицияның айтуынша, олардың қарым-қатынасы заңға қарама-қайшы емес. Себебі, анасының есімі қызының туу туралы куәлігінен алынып тасталған екен. 2008 жылы Мисти өзінің туған ұлына тұрмысқа шыққан. Алайда белгілі бір себептермен олар 15 айдан кейін ажырасып кеткен.

Мисти Спэннге шыққан үкім заңды түрде өз күшіне енді. Ал Патрицияға қатысты үкім 2018 жылдың қаңтар айында шығады.


Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да полицейдің адамдарды не себепті ұрып-соққаны белгілі болды

Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

Талқылау