"Өте нашар одақтас": Трамп Испаниямен сауда қатынасын тоқтатпақ

Дональд Трамп америкалықтарға әскери базаларын бермегені үшін Испания билігін сынады. Ол елді “өте нашар одақтас"”деп атады және АҚШ Испаниямен сауда-саттықты тоқтататынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Испаниямен сауда қатынасын тоқтатпақ. Оны Иранға қарсы операцияға қатысты ұстанымы үшін “өте нашар” деп атады. Мадрид Иран территориясына жасалған соққыларды қолдаған жоқ және америкалық күштердің бұл үшін бірлесіп басқарылатын әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермеді. Испания билігі Мадрид пен Вашингтон арасындағы келісім әскери нысандарды тек “халықаралық заңдылық аясында” пайдалануға рұқсат ететінін хабарлады. Премьер-министр Педро Санчес Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі үшін үндеу жасады және Иран мәселесін “дипломатиялық” жолмен шешуді қолдады.
Трамп Мадридтің бұрын әскери шығыстарын жалпы ішкі өнімнің 5%-ына дейін арттырудан бас тартқанын айтты.
“Олар 5%-ға шығуға келіспеген НАТО-дағы жалғыз мемлекет еді. Мен оларды шығыстарды кез келген деңгейге көтеруге келісті деп ойламаймын. Олар 2%-ды қалдыруды қалады, бірақ тіпті сол 2%-ды да төлемейді” , – деді Трамп АҚШ Ақ үйінде Германия канцлері Меркельмен кездесуде.
АҚШ президенті америкалық әскер Мадридтің ұстанымына қарамастан, қажет болса, Испания базаларын пайдалана алатынын қосты.
“Біз жай ғана ұшып келіп, оны пайдалана аламыз. Ешкім бізге пайдалануға болмайды демейді, бірақ бізге ол қажет те емес”, – деді Дональд Трамп.
Сонымен қатар, ол шабуылдық науқанға қатыспай, тек қорғаныс қолдауымен шектелуді таңдаған Ұлыбританияның ұстанымына таң.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді