Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоин құны шарықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі криптовалюталардың стратегиялық резервін құру туралы хабарлады. Бұл биткоин бағасының шарықтауына себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Сауда көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин 22:23-тегі бойынша бір күнде 7,62% өсіп, 91 530 долларға жетті. Трамптың мәлімдемесіне дейін биткоин 85 000 доллар шамасында саудаланды, ал жұмада ол 80 000 доллардан төмен еді.

20-дан астам биржадағы орташа бағаны есептейтін CoinMarketCap мәліметтері бойынша, биткоин бағасы 7,93% өсіп, 91 724 доллар болды.



Айта кетейік, Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы жарлық жариялаған еді. Трамптың Truth әлеуметтік желісіндегі жазбасына сәйкес, жаңа криптовалюта резервіне Cardano (ADA), Solana (SOL), Ripple (XRP) сияқты криптовалюталар кіреді. Кейінірек ол Bitcoin және Ethereum АҚШ-тың стратегиялық криптовалюта қорының негізін құрайтынын қосты.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін криптовалютаға қызығушылардың саны күрт артқан. Сонымен қатар бұл Трамптың өзінің сайлауалды кампаниясы кезінде цифрлық активтерді қолдауымен байланысты болып отыр. Ол АҚШ-ты "криптовалюта планетасына" айналдыруға және ұлттық биткоин қорын жинауға уәде берген еді.

Талқылау