5 млн доллар төлейді: Сот Трампты журналистті азғындағаны үшін кінәлі деп тапты
АҚШ алқабилер соты АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты жазушы және журналист Джин Кэрроллды зорламақ болғаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Политика страны Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазылар алқасы Трамп Кэрроллға 1996 жылдың көктемінде азғындық жасады деген қорытындыға келді. Алайда зорламаған.
Енді Трамп Кэрроллға бес миллион доллар төлеуі керек. Азғындық үшін екі миллион доллар және жала жауып, беделіне нұқсан келтіргені үшін үш миллион доллар төлеуге міндетті.
Трамп бұл үкімді “ұят нәрсе” деп атады.
Естеріңізге салсақ, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналистті зорлады деп айыпталғаны хабарланды. Ол іске қатысты жауап алу барысында арызданушыны "жалақор" деп, тағылған айыптан бас тартты.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті