Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Үндістанның мұнайды енді Венесуэладан сатып алатынын мәлімдеді

Фото: Том Бреннер/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістанның Ираннан емес, Венесуэладан мұнай сатып алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өткен жылы Трамп Делиден Ресей мұнайынан бас тартуды талап еткен болатын.

"Біз бұл келісімді, келісімнің тұжырымдамасын әлдеқашан жасадық", – деді Трамп журналистерге Вашингтоннан Флоридаға бет алған президенттік ұшақтың бортында.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ билігі Үндістанға жақын арада Венесуэла мұнайын қайта сатып ала бастауы мүмкін екенін хабарлағаннан бір күн өткен соң айтылды. Reuters дереккөздерінің мәліметінше, бұл қадам Ресей мұнайының импортын алмастыруға көмектесу үшін ұсынылған.



АҚШ-тың Венесуэла мұнайын Үндістанға жеткізуге ұмтылысы Вашингтонның Ресей бюджетіне түсетін мұнай кірістерін қысқарту ниетімен байланысты.

Өткен жылдың наурыз айында Трамп Венесуэла мұнайын сатып алатын елдерге, оның ішінде Үндістанға да, 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізген еді. Қазіргі таңда АҚШ президенті Қытай да Венесуэла мұнайын сатып алу жөнінде АҚШ-пен келісім жасасуы мүмкін екенін айтты.

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Ақпан, 2026 15:48