Трамп Украинаға қарсы соғысты тоқтатуда Путинге жеңілдіктер жасауға тура келетінін мәлімдеді
Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысты тоқтату туралы келіссөздерде жеңілдік жасауға мәжбүр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тhe New York Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, ол бұл туралы сәрсенбіде министрлер кабинетінің бірінші отырысы кезінде айтқан.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Трамп Украина мен Ресей арасында бейбіт келісім жасау қиын болатынын мойындады. Соғыс туралы айта отырып, ол осының бәріне Украинаның НАТО-ға кіру перспективасы себеп болуы мүмкін екенін болжады.
Сонымен қатар Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді 28 ақпанда “АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарын пайдалану құқығын беретін” келісімге қол қою үшін Ақ үйге баратынын хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атап, елін сақтап қалғысы келсе тез соғысты тоқтатуды талап еткен еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін