Трамп бес елдің басшыларының ішінде Тоқаевқа ерекше көңіл бөлді – Саясаткер
Фото: Ақорда
Грузияның бұрынғы қаржы министрі Валерий Чечелашвили Трамптың саммит кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ілтипат білдіргенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саясаткердің айтуынша, бұл пікірін ол Вашингтонда өткен C5+1 саммиті аясында білдірген.
"Бес елдің басшыларының ішінде Дональд Трамптың ерекше көңіл бөлгені – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ол ең бірінші сөзді Тоқаевқа берді. Бұл таңғаларлық емес, себебі АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 100 миллиард доллардан асты. Кездесудің қорытындысы бойынша 17 миллиард долларлық келісімдерге қол қойылды", – деді Чечелашвили.
Оның сөзінше, барлық президенттердің сөзі Трампқа алғыс білдіруден басталған.
"Шынын айтқанда, ол соған лайық. Қайшылықтарға қарамастан, оның белсенді саясаты әлемдік саясаттың күн тәртібін айқындап отыр. Бұл үдерісте бейбітшілік пен ынтымақтастық артып, қақтығыстар мен келіспеушіліктер азайып келеді. Бұл өте жақсы кездесу болды деп ойлаймын. Алда бізді қызықты оқиғалар күтіп тұр.", – деді саясаткер.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?