Трамп TikTok-қа салған тыйымын тағы 2,5 айға кейінге қалдырды
Дональд Трамп АҚШ-та TikTok-қа салған тыйымын тағы 75 күнге шегерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
2024 жылдың сәуірінде АҚШ конгресі қытайлық ByteDance компаниясына TikTok платформасын америкалық компанияға сатуды талап ететін заң қабылдады. Әйтпесе 19 қаңтардан бастап әлеуметтік желіге тыйым салынар еді. ByteDance тыйым салынбас үшін платформаны сатуға шешім қабылдады. Бірақ компания 3 ай уақыт сұрады.
Осы уақыт ішінде әлеуметтік желінің иесі өзінің онлайн қызметінің активтерін америкалық компанияларға сатуы керек.
Келісімді аяқтау үшін Қытай үкіметінің мақұлдауы қажет. Бірақ Қытай билігі Трамп тауарларға баж салығын көтергеніне байланысты платформаны сатудан бас тартқан.
Енді қайтадан оларға 2,5 ай берілді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынғаны айтылды. Бірақ 1 күннен кейін тыйым алынып, оларға 3 ай уақыт берілген.