Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Өзбекстан президенті Шавката Мирзиеевпен 100 миллиард долларға келісім жасады

Трамп Өзбекстан президенті Шавката Мирзиеевпен 100 миллиард долларға келісім жасады

Фото: president.uz

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Өзбекстанның мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің кездесуінен кейін екі елдің жалпы құны 100 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесудің қорытындысы туралы жазба жариялады.

“Мен Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстан арасындағы керемет сауда-экономикалық келісім туралы қуана хабарлаймын. Келесі үш жылда Өзбекстан шамамен 35 миллиард доллар көлемінде сатып алу және инвестиция салуды жоспарлап отыр. Ал келесі он жылда бұл сома 100 миллиард доллардан асады. Инвестициялар маңызды салаларға, яғни, пайдалы қазбаларды өндіру, авиация, автокөлік бөлшектерін өндіру, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика мен химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар және басқа да салаларға бағытталады. Өзбекстанның құрметті президенті Шавкат Мирзиёевке алғысымды білдіремін. Біздің елдер арасындағы ұзақ әрі нәтижелі ынтымақтастыққа үміт артамыз” – деп жазды Трамп.

Шавкат Мирзиёевтің баспасөз қызметі қандай келісімдер жасалғанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Атап айтқанда, сирек жер элементтерін өндіру, сорғы станцияларын жаңғырту және заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу жөнінде келісімдерге қол қойылған.

Бұдан бөлек, “Uzbekistan Airways” пен “Boeing” компаниялары арасында ұшақ жеткізу туралы келісім жасалды. Нәтижесінде әуе кемелерінің саны 14-тен 22-ге дейін артады. Сондай-ақ соя бұршақтары мен күнжара, сондай-ақ мақта жеткізу бойынша да келісімшарттарға отырды.

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 11:27
Талқылау