Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп McDonald's фастфуд желісінде картоп таяқшаларын қуырып, жұмыс істеді

Республикалық партияның АҚШ президенттігіне кандидаты Дональд Трамп Пенсильвания штатында McDonald's фастфуд желісінің қызметкері болып жұмыс істеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Day.Az 

Трамп Фистервил қаласындағы McDonald's мейрамханаларының біріне келіп, алжапқыш тағып, бірнеше порция фри жасады. Сонымен қатар мекемеге келушілерге өз есебінен бірнеше тапсырыс берді. 

Фастфуд мейрамханасында жарты сағат болған кезінде Трамп мекемедегі жұмыс ұнағанын атап өтті. Ол мейрамханада қайта жұмыс істеуге тырысатынын жоққа шығармады. 

Жарты сағаттық ауысым аяқталғаннан кейін Трамп журналистермен сөйлесті. БАҚ өкілдерімен әңгімелесу барысында ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен байланысқанын жеткізді. Израиль билігі АҚШ президенті Джо Байденді тыңдамағандықтан қазір қауіпсіз екенін айтты.



Трамп сонымен қатар өзінің демократиялық сайлауалды қарсыласы, АҚШ вице-президенті Камала Харристі 60 жасқа толуымен құттықтап, оған туған күніне қуырылған картоп таяқшаларын сыйлайтынын мәлімдеді.

Харрис бұған дейін студент кезінде McDonald's-те толық емес күн жұмыс істеп, картоп қуырғанын бірнеше рет айтқан. Алайда Трамп өзінің демократиялық қарсыласының өтірік айтқанын жеткізді. Айтуынша, оның McDonald's-тегі жұмысы туралы ешқандай жазба сақталмаған.

Талқылау