Трамп қолтаңбасы доллар банкноттарына түсетін АҚШ тарихындағы алғашқы президент болмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет ел тарихында өзінің қолтаңбасын америкалық банкноттарға енгізбек, бұған дейін қызметтегі президенттің қолтаңбасы қағаз ақшаға қойылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, мемлекет басшысының қолтаңбасы елдің 250 жылдығына орай банкноттарға орналастырылады.
“Президенттің Американың “алтын ғасыры” экономикалық жаңғыруының сәулетшісі ретіндегі тарихтағы үлесі даусыз. Оның қолтаңбасын америкалық валютаға орналастыру орынды ғана емес, толықтай лайық”, – Қаржы министрі Скотт Бессент.
Дәстүр бойынша қағаз долларларда қаржы министрі мен қазынашының қолтаңбалары қойылады.
Бұл мәлімдеме сайлаушылардың экономикалық жағдайға, соның ішінде инфляцияның өсуі мен өмір сүру құнының қымбаттауына қатысты наразылығын көрсеткен сауалнама нәтижелерімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ COVID-19 кезеңінен кейінгі экономикалық ахуал және Ирандағы соғыс басталғалы мұнай бағасының өсуі кейбір америкалықтардың алаңдаушылығын арттырған.
Биыл президенттің АҚШ валютасында бейнеленуі мұнымен шектелмейді. Трамп тағайындаған мүшелерден құралған федералдық комиссия елдің 250 жылдығына орай президент бейнесі бейнеленген 24 караттық естелік алтын монеталардың дизайнын мақұлдады. Алайда бұл жоба Қаржы министрлігінің ресми бекітуін талап етеді.
Трамптың командасы мұнай бағасының 200 долларға жетуіне дайындалып жатыр – БАҚ
Трамп БРИКС елдеріне баж салығын 100 пайызға дейін көтереміз деп қорқытты
Айта кетейік, 2020 жылы Трамп COVID-19 пандемиясы кезінде АҚШ азаматтарына берілген мемлекеттік көмек чектеріне де өз қолтаңбасын қойған еді.
Еске салайық, бұған дейін Трамп бір жыл ішінде әлемдік валютаның беделін қалай әлсіреткені хабарланған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді