Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Иранмен соғысты мамырдың ортасына дейін аяқтамақ

Фото: dailymail.co.uk

Дональд Трамп 14–15 мамыр күндері Ақ үйде Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қабылдайды. Жоспарланған кездесу алдында АҚШ президенті Иранмен соғысты аяқтауды көздеп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым дереккөздерінің айтуынша, Трамп кеңесшілеріне Ирандағы соғыс соңғы кезеңіне жақындап қалғанын айтқан. Оның пікірінше, әскери операцияны бұрын белгіленген төрт-алты апта ішінде аяқтау жоспарын ұстану қажет.

The Wall Street Journal мәліметінше, қазір Трамп үшін соғысты тоқтатудың оңай жолы жоқ. Ал бейбіт келіссөздер әзірге бастапқы кезеңде ғана.


Трамптың командасы мұнай бағасының 200 долларға жетуіне дайындалып жатыр – БАҚ


Трамп Иранмен келіссөз басталғанын мәлімдеп, шабуылды 5 күнге тоқтатуды тапсырды


Сонымен қатар АҚШ президенті Ирандағы соғыс өзге мақсаттарына кедергі келтіріп отырғанын айтқан. Алайда бұл қандай мақсат екені нақтыланбаған. Кейбір сұхбат берушілердің болжамынша, әңгіме Кубаны басып алу туралы болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 18:23