Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Иран мен Израиль арасында “бейбітшілік орнатудағы” рөлі үшін Нобель сыйлығына ұсынылды

Дональд Трамп нобель премиясыФото: Getty Images

Трамп Иран мен Израиль арасында “бейбітшілік орнатудағы ерекше” рөлі үшін Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ конгрессмендері Нобель комитетіне жүгініп,Дональд Трамптың Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты тоқтатуда "тарихи рөл" атқарғанын мәлімдеді. Бұған дейін Трампты бұл сыйлыққа Пәкістан үкіметі де ұсынған еді.

Fox News-тің хабарлауынша, республикалық партия өкілі, конгрессмен Бадди Картер Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Оның айтуынша, АҚШ президенті Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты реттеуде делдалдық жасап, "ерекше және тарихи рөл" атқарды. Картердің Нобель комитетіне жолдаған хатында Трамп "әлемдегі терроризмді қаржыландыратын ең ірі мемлекеттің" жойқын қаруға ие болуына жол бермеді деп жазылған.

"Соңғы апталарда әлем қауіпті және тұрақсыздандыратын аймақтық соғыстың алдында тұрды. Алайда дәл осы дағдарыс кезінде президент Трамп бейбітшілікті күшпен қорғап, атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізді", – делінген хатта.

Хат Норвегия Нобель комитетінің төрағасы Йорген Ватне Фриднеге жолданған.

Картердің айтуынша, Трамп Израиль мен Иран арасында тез арада келісімге келуге шешуші ықпал еткен. Бұл келісімді көпшілік мүмкін емес деп санаған еді. Президенттің бұл әрекеттері Таяу Шығыста және бүкіл әлемде мыңдаған, тіпті миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран толық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім бірнеше сағат ішінде күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысты тоқтатуға тиіс екені айтылған. 

Алайда бірнеше сағаттан соң ИзраильИран тарапынан әуе шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Бірақ Иран мұны жоққа шығарды. Артынша Трамп Израиль мен Иранды атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 21:15
Талқылау