Трамп "елге пайда әкелмейтін" ауғанстандық мигранттарды жаппай депортациялайтынын айтты
Фото: CNN
Дональд Трамп кеше кешке Ақ үй маңындағы атыстан кейін америкалықтарға үндеу тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 қараша кешке Ақ үйден шамамен бір миль қашықтықта атыс болды. Шабуыл кезінде АҚШ ұлттық гвардиясының екі сарбазы жараланды. Қазір олардың жағдайы ауыр.
АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі Ауғанстан азаматы Рахманулла Лаханвалды атысқа күдікті деп таныды.
Трамп АҚШ ұлттық гвардиясына оқ атқан адамның Ауғанстаннан екенін растады. Ол АҚШ-қа 2021 жылы келген екен.
“Біз елде болмауы керек адамдардың мұндай шабуылдарына төзбейміз. Байденнің тұсында Ауғанстаннан келген әрбір шетелдік азаматты тексеріп, елімізге үлес қоспайтын кез келген адамды қуып шығару үшін барлық қажетті шараны қабылдауымыз керек. Егер олар елімізді сүйе алмаса, бізге олар қажет емес. Америка ешқашан қауіп-қатерлерге бой алдырмайды”, – деді АҚШ президенті.
Ол "Американы қайтадан толығымен қауіпсіз ету" үшін Ұлттық гвардияның тағы 500 әскерін орналастыруды бұйырды.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды