Трамп 15 мың трансгендерді АҚШ армиясынан жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр – БАҚ
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін елдің қарулы күштеріндегі барлық трансгендер әскериді жұмыстан шығаруға жарлық шығармақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: washingtonblade.com
Мәліметтерге сенсек, бүгігдн АҚШ армиясының қатарында шамамен 15 мың трансгендер бар. Оларды медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметке жарамсыз деп тану арқылы жұмыстан шығару жоспарланып отыр.
Дональд Трамптың жаңа жарлығы 2018 жылдың наурызында шыққан жарлығына қарағанда әлдеқайда қатаңырақ болады деген болжам бар. Ол кезде Трамп трансгендерлердің армия қатарына қосылуына тыйым салып, бірақ қызметте жүргендерге жұмысын жалғастыруға рұқсат берген еді. Алайда Джо Байден бұл шешімді 2021 жылдың қаңтарында жойды.
Жаңа жарлық әскери қызметте жүрген және мансап құрған трансгендерлерді де жұмыстан шығару қажеттілігі туындап отыр.
"Дәл қазіргі армияда жауынгерлер жетіспей жатқан уақытта бұл адамдар өз қызметтерінен кетуге мәжбүр болады. Тек теңіз жаяу әскерлері ғана қабылдау нормаларын орындап отыр. Ал бұл шешімге ілінген кейбіреулері өте жоғары лауазымдарда қызмет етеді", – деп хабарлады басылым.
13 қарашада The Wall Street Journal газеті Трамптың генералдарды "тазалауға" арналған әскери кеңес құру туралы жарлық дайындап жатқанын жазды. Басылымның ақпаратына сәйкес, егер Трамп бұл жарлықты бекітсе, ол лидерлік қасиеттері жеткіліксіз генералдар мен адмиралдарды жұмыстан шығару процесін жеделдетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл құжат жоғарғы әскери басшылыққа "ес жинауға әсер етуі" ықтимал.
Еске салайық, 18 қыркүйекте Тбилисидегі пәтерінен 37 жастағы трансгендер әйел Кесария Абрамидзенің денесі табылды. Полиция 26 жастағы күдіктіні ұстап, қылмыс құралы – пышақты тәркіледі. Тергеу деректеріне сәйкес, жанжал кезінде күдікті бірнеше рет пышақ жарақатын салып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Абрамидзенің өлімі парламенттің ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын қабылдағаннан кейін бір күн өткен соң болды. Бұл оқиға Тбилисиде наразылық тудырды: парламент алдында үнсіз еске алу шарасы өтіп, заңға қарсы плакаттар көтерілді. Белсенділер қабылданған заңды айыптап, оны Ресейдің ұстанымына ұқсас "фашистік әрекет" деп атады. Олар бұл заңның зорлық-зомбылықты күшейтетініне алаңдаушылық білдірді.