Дәл осы көліктер келер жылдары электрмобильдердің (EV) даму бағытын айқындайды, соның ішінде Қазақстан нарығы үшін де.
Toyota bZ4X жаңартылды
Toyota bZ4X электр кроссовері елеулі жаңартудан өтті: динамикасы мен тиімділігі артты. Жетілдірілген мотор мен кеңейтілген опциялар оны күнделікті қолдануға арналған EV сегментінде бәсекеге қабілетті етеді.

Subaru Uncharted – жаңа ықшам EV
Жапон өндірушісі 2026 жылғы Subaru Uncharted моделін таныстырды. Бұл – қуаты 338 ат күшіне дейін жететін, толық жетек мүмкіндігі бар ықшам электрлі кроссовер. АҚШ циклі бойынша жүріс қоры шамамен 480 шақырым. Модель фирмалық аспасымен және жолсыз жерлерге бейімділігімен ерекшеленеді, бұл EV сегментінде сирек кездеседі.
Сарапшылар бұл жаңалықты бұған дейін дәстүрлі толық жетекті көліктерімен танылған бренд үшін маңызды қадам деп бағалап отыр.

Honda 0 Series – седан және SUV
Honda электрмобильдерге арналған жеке платформасын 0 Series бренді аясында дамытып жатыр. 2026 жылы күтілетін модельдер:
-
Honda 0 SUV – жүріс қоры шамамен 480 шақырым болатын, жылдам қуатталатын ықшам электрлі SUV;
-
Honda 0 Saloon – премиум электрмобильдермен бәсекеге бағытталған стильді электрлі седан.

BMW iX3 және Бавариядан өзге электрокарлар
BMW де аккумуляторлы модельдер қатарын кеңейтіп жатыр:
-
2026 BMW iX3 – танымал X3 моделінің электрлі нұсқасы. Қуаты шамамен 463 ат күші, жүріс қоры 640 шақырымға дейін, ал қуаттау жылдамдығы 400 кВт-қа дейін. Сатылымы биыл жазға жоспарланған;
-
Толық электрлі BMW i3 және iM3 (седан және “ыстық” спорттық нұсқа) 2027 жылға қарай шығарылады.

Audi-ден спорттық электромобиль
Audi 2027 жылға қарай жаңа TT EV моделін дайындап жатыр. Бұл – рухы жағынан дәстүрлі TT мен R8 арасындағы спорттық электрокар. Porsche деңгейіндегі суперкарды қаламайтын, бірақ серпінді EV іздейтіндер үшін қызықты таңдау болуы мүмкін.

Kia және Hyundai / Genesis
Kia электрмобильдер желісін кеңейтуді жалғастырып жатыр. Ал Hyundai Motor Group аясында мына модельдер пайда болады:
-
Genesis GV60 Magma – қуаты 600 ат күшінен асатын, спорттық мінезге ие премиум электрлі субкомпакт;
-
Genesis GV90 – шамамен 500 ат күші бар ірі электрлі SUV.

Chevrolet Bolt қайта оралады
Chevrolet 2026 жылы жаңартылған Bolt моделін сатылымға шығаруға дайындап жатыр. Көлік жаңартылған электр қозғалтқышын, LFP аккумуляторын және 410 шақырымға дейінгі жүріс қорын алады. Сонымен қатар ол жаппай тұтынушыға қолжетімді болып қалуға тиіс.

Lexus және болашақ жоспарлар
Toyota-ның премиум суббренді Lexus өкілдері болашақта Lexus LFA EV шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жоғары өнімді электрлі спорткар 2029 жылға қарай ғана күтіледі. Ал бұған дейін автосалондарда Lexus TZ электрлі кроссовері мен Lexus ES EV аккумуляторлы седаны пайда болады. Бұл Toyota-Lexus тобының EV болашағына байыппен қарайтынын көрсетеді.

Өзге модельдер жайлы қысқаша
Келер уақытта қытайлық, америкалық, еуропалық және тіпті ресейлік өндірушілер де өз жаңалықтарын ұсынбақ. Ferrari, Bentley, Jaguar, Rolls-Royce сияқты премиум брендтер жеке электрлі кроссоверлерін шығарады, ал “халықтық” маркалар EV мен гибрид модельдер қатарын кеңейтеді.
