Toyota корпорациясы жаппай көліктерін кері қайтаруда
Toyota компаниясы қауіпсіздік жастықшасында ақауы бар 3,4 миллионға жуық көліктерді кері қайтармақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жапондық көлік құрастырушы Toyota корпорациясы бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік жастықшасы істен шыққан 3,4 миллион темір тұлпарды қайтарып алмақшы екен.
Corolla (2011–2019 жылдары құрастырылған), Matrix (2011–2013 жылғылары), Avalon (2012–2018 жылғылары) және 2013–2019 жылдары жасалған Avalon Hybrid vehicles маркалы көліктерін қайтадан бір рет тексеруден өткізу керек екен. Аталған маркалы көліктердің ең көбі әлем бойынша АҚШ-та таралған (2,9 миллион).
Мекеме басшылары қауіпсіздік жастықшасының дұрыс ашылмайтындығын анықтапты. Жоғарыда айтылған маркалы көліктерде қатты соққының кесірінен жастықша істен шығады екен.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады