"Тойымыз болмай жатып, қатерлі ісікке шалдықтым": Әнші Далида Нәукенова жүкті кезіндегі қиындықтарын есіне алды
Фото: Подкастан үзінді
Танымал әнші, “Қазақ аруы” байқауының қатысушысы Далида Нәукенова алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болды.
“Ернұр екеуміз басқа жас жұбайлар секілді ата-ана болуға дайындалдық. Үйлену тойымыздың алдында, үш ай бұрын Check up жасатайық деп шештім. Болашақ балаларымызға сау ата-ана керек деп ойладық. Барлық анализдерді тапсырдық. Бір күні 10 адамнан қоңырау түсті. Телефоным қолымда болмағасын, алып үлгермедім. Біреуіне кері байланысқа шықсам, тез арада дәрігерге келіңіз деді. Дәрігерім “Тек қатты уайымдамаңыз. Сізге онкология орталығына бару керек” деді. Ештеңе түсінбедім. Екі дәрігер сөйлесіп жатыр. “Ол мүлдем бала тумаған, бірақ жатырынан қатерлі ісік табылып тұр. Бұдан кейін де балалы болмайды. Жатырды алып тастау керек” деді. Сол жердегі адамдардың бәрі маған аяушылық сезіммен қарап тұр. Жігітімнің қымбат көлігі бар еді. Соны сатып, сені емдетемін дегені есімде қалыпты. Бірақ жігітіме “Екеуміз ажырасайық. Мен бала тумаймын. Саған бала туатын әйел керек” дедім. Ол келіспеді. Жатырымның жартысын алып тастады. Сонда да бір жарым айдан кейін тойымыз болды. Бәрі күшті өтті. Бірақ тәнімнің ауырғанын ешкімге білдірмедім”, – дейді Далида.
Әншінің сөзінше, тұрмысқа шыққаннан кейін көп ұзамай жүкті болған. Алайда шетінеп кеткен.
“Жарты жыл өткеннен кейін жүкті болдым. Жеке емханаға барып, түрлі анализдер тапсырдым. Олар мені ЭКО-мен бала көтерген деп ойлады. Сегізінші аптада бөпем түсіп қалды. Генетикалық тест тапсырғанда не себепті жүрегінің тоқтағанын білдім. Фолий қышқылын маған ішуге болмайды екен. Мен дәрігердің нұсқаулығымен соны іштім. Қатты өкіндім. Жыл сайын дәрігердің тексерілуіне барамын. Сөйтіп жүріп, үш қызымды дүниеге әкелдім. Соңғы аялдамаға жеткенше үмітімді үзбедім. “Бала ата-анаyың ұстазы” деген жауыр болған тіркес болуы мүмкін, бірақ шын сөз екен. Балаларым дүниеге келгеннен кейін өміріміз өзгерді, – дейді әнші.

"12 сағат сусыз және тамақсыз": Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмілетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
