Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойдың жарты ақшасы кетті": Daricorn әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қанша теңге төлегені белгілі болды

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүкееваның туған күнін жасап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

Ерлі-зайыпты бұл қуанышын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Revue News бағдарламасына сұхбат беріп, туған күнін ұйымдастыру үшін 60 млн теңге жұмсағанын жасырмады. 

"Дари қыз ғой. Оған мүмкіншілік болып жатса жыл сайын туған күнін жасап беру – еркектік парызым деп білемін. Өзім туған күнімді жасамайды екенмін. Нұрланға қатысты ашығын айтқанда тез шешіліп кетті. Бұлай жасаймын деп ойлаған жоқпын. Солай болып қалды өзі. Ол кісі нақты соманы айтпауды өтінді. Шамамен, осы тойдың жартысы ғой", – деді Жолшыбеков. 

 



Еске салайық, Дархан Жолшыбеков әйеліне көлік сыйлаған еді. 

“Сен барлық жақсылыққа лайықсың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет! 
Барлығыңызға жұғысты болсын! 150 миллион теңгеге алған сыйлығым – осы. Әлемде 1000 ғана данасы бар. Mercedes-Benz G 63 AMG маркалы көлік. Даридың тосынсый жасайтын мекенжайға келуіне бір сағат қалды. Біз машинаны әдемі жерге орналастырып жатырмыз”, – деп жазды блогер. 

Талқылау