"Той көйлегін таңдаймыз": Балжан Бидаш тосын жаңалығын жария етті
Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріндегі жақсы жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Өнер иесі әзілкеш Жахан Отарғалиевтен ажырасып кеткен еді.
“Сәлем, достар! Осы уақытқа дейін Алматыда күнде жаңбыр жауып, салқын боп тұрды. Бірақ дәл қазір 30 градуста көшеде асығып кетіп бара жатырмын. Өйткені бүгін той көйлегін таңдаймын, таңдаймыз ашығы. Солай, бақытты болып кетіп бара жатырмын. Мені күтіп тұр арғы жақта. Қалай ойлайсыздар, той көйлегі не үшін, кімге? Сіздерге осындай сұрақ бар", – деді Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
"Депрессияда болдым": Балжан Бидаш тұрмыста болған кездегі қиын сәтті есіне алды
-
"Жаханмен ажырасқалы 4-5 ән шығардың": Балжан Бидаштың су жаңа әні ел талқысына түсті
Оқырмандарын алаңдатып қойған эстрада жұлдызы "Сен алдандың" деген жазумен құрбысы, актриса Фариза Ескерместің тойына дайындалып жатқанын көрсетті.
"Гүлді сен аласың деп мені тұрмысқа асықтырып жатыр", – деді Балжан Бидаш.
Кадр сыртында Фариза Ескермес те "бұйырса тойымызда гүлді сен қағып аласың және келесі той сенікі болады. Сен де сенің пікіріңді, таңдауыңды, шығармашылығыңды сыйлайтын жігітті кездестіресің" деп тілек айтты.
Еске салайық, Балжан Бидаш экс-продюсері Баян Мақсатқызымен әсерлі видео жариялаған еді.