"Той иесіне сабыр берсін": Әнші Бүркіт тойханада оқыс оқиғаға тап болды
Фото: Видеодан скриншот
Қазақстандық әнші Бүркіт Шымкент қаласына тойға барып, оқыс оқиғаның куәсі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жанып жатқан өрттің фотосын желіге жүктеді.
“Шымкентке ұшып, тойханаға келсек, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін! Тұрақта тұрған машина жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада жүр”, – деп жазды әнші.
-
"Әуелі балалар, сосын той": Қазақстандық жұп үйлену тойын екі баласы дүниеге келгеннен кейін жасады
-
Жамбыл облысында шенеуніктер той өткізудің жаңа ережесін ұсынбақ
Видеодан тойхана айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Оқыс жағдайдың видеосын көрген желі қолданушылары тойханаға келген қонақтардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
"Алла сақтасын", "Алла амандығын берсін. Той иесіне сабыр, әр нәрсенің қайыры бар деген", "Той иесіне обал болды, қанша күн дайындалғаны құр кетті", – деп жазды көпшілік.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
