Төтенше жағдай: Қандай сауда орындары мен дүкендердің жұмысы тоқтайды?
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысына қатысты Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін хабарлайды.
Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы жарлығында айтылғандай, ірі сауда сауда нысандарының қызметі шектеледі. Халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады», - деп хабарлады министрліктен.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды