Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Төсін жалаңаштап жұртты шулатқан қыз енді қазақша көйлек киіп жұртты таңқалдырды

Елордадағы сән көрсетілімінде бірнеше мәрте төсін жалаңаштап шыққан қыз қазақша киіммен сахнада бой көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оразаның алдында Динагүл Тасова есімді елордалық бойжеткен сән көрсетіліміне төсін жалаңаштап шығып, ұятқа қалған. Оқиғадан соң Динагүл Тасовадан ағаларының көңілі қалып, жігіті бикешті ұрып тастағаны да белгілі болған еді.

Ел алдында төсін жалаңаштап танылған сәнгер әлеуметтік желідегі парақшасында қазақша көйлек киіп шыққан суретін жүктеп, жұртты таңқалдырды.

"Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте", - деп қазақша көлек киген суретінің астына жазбасын бөлісті модель.

Арудың өзгеріп сала бергеніне таңқалған желі қолданушылары ойларын жасырмады.

"Осылай әлдеқайда әдемісіз", "Өте сұлусыз", - деп пікір қалдырды жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр