Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт рет атып түсірді: АҚШ аспанында бөгде елдің барлау нысандары байқалды

Америкалық әскерилер тағы бір белгісіз ұшатын нысанды атып түсірді, бұл ақпан айында төрт рет қайталанды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

нысан

Нысанды жексенбіде АҚШ шекарасынан шамамен 14 миль (22,5 км) қашықтықта әуе күштері мен Ұлттық гвардия ұшқыштары атып түсірді.

Конгрессмен көмекшілерінің бірінің айтуынша, нысан сегізбұрыш тәрізді және коммерциялық ұшақтарға қауіп төндіретін 20 000 фут (6 км-ден сәл астам) биіктікте болған. Нысанда бірнеше жіп ілулі тұрғаны байқалды.

Пентагон құлатылған нысанды әскери тұрғыдан қауіп төндірді деп санамайды, дегенмен оны барлау мақсатында пайдаланған болуы мүмкін деп болжады.

4 ақпанда АҚШ әскери күштері Оңтүстік Каролина жағалауында барлау шарын атып түсірді. АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, ол Қытайдан келген және стратегиялық нысандарда не болып жатқанын бақылаған.

10 ақпанда АҚШ  Алясканың солтүстігінде тағы бір нысанды атып түсірді. Шенеуніктердің айтуынша, оның қозғалтқыштары немесе басқару жүйелері болмаған.

11 ақпанда Канаданың әуе кеңістігінде Юконның үстінде, Америка шекарасынан шамамен 160 км қашықтықта орналасқан "биік нысанды" атып түсірілді. 

12 ақпан Гурон көлінің жанында төртінші нысан байқалды.

Талқылау